Балабақша туралы

«Balbobek» жекеменшік балабақшасы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған мекеме. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп, мектепалды даярлық жұмыстарын толыққанды қамтамасыз етіп, зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым- қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме.

«Balbobek» жекеменшік балабақшасы – 2013 жылдан бастап қызмет жасайды. Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша бойынша жалпы – 3 топ бар. Жобалық қуаттылығы – 65 орын.
Балабақша қажетті құралдармен, ойыншықтармен толық жабдықталған, оқу, ойын және ұйықтау бөлмелерінен басқа, асханасы, дәрігерлік кабинет пен музыкалық залы да бар.
Әр топ заман талабанына сай пәндік дамытушы ортамен қамтамасыз етілген.